Сәлеметсіздер ме, мен Маржан Төлегенқызы!
Мен Mozaika мектебінде екінші жыл әдіскер болып жұмыс істеймін. ЕҰУ-де педагог-психолог мамандығы бойынша білім алдым.

Жұмыста сізге қандай мықты жақтар қажет?
Әдіскер жұмысына маңызды қасиеттер:
Жауапкершілік – құжаттармен жұмыс істеу егжей-тегжейге мұқият болуды және нормативтік талаптарды қатаң сақтауды талап етеді. Есептердегі немесе қосымшалардағы қателіктер білім беру стандарттарына сәйкестігіне әсер етуі мүмкін.
Назар аудару және ұқыптылық – құжаттарды мұқият тексеру, заңнамадағы өзгерістерді бақылау және жедел түзетулер енгізу қажет.
Өз күшіңізге сенімділік – әдіскер нормативтік актілер мен білім беру стандарттарын жақсы білуі керек.
Адалдық және объективтілік – құжат жүргізуде ашықтықты қамтамасыз ету маңызды, формальдылықтан аулақ болу қажет.
Жоғары еңбекқорлық – құжаттармен жұмыс істеу көп ақпаратты қысқа мерзімде тиімді өңдеуді талап етеді.
Ұйымшылдық және жүйелі ойлау – әдіскер мәліметтерді дұрыс құрылымдап, барлық талаптарды ескеруі және уақытында орындауы керек.
Нормативтік құжаттармен жұмыс іскерлігі – білім беру саласындағы заңнаманы түсініп, оны практикада қолдана білу маңызды.
Mozaika-да әдіскер ретінде не істейсіз?
Мен нормативтік талаптарға сәйкес білім беру үрдісі ұйымдастыру және қолдаумен айналысамын. Менің жұмысым бірнеше негізгі бағыттарды қамтиды:
- Құжаттармен жұмыс – оқу бағдарламаларын, жоспарлар мен әдістемелік ұсыныстарды мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес әзірлеу және жаңарту.
- Білім сапасын бақылау – оқу үрндісі талдау, нәтижелерді бағалау, есеп дайындау.
- Мұғалімдерге әдістемелік қолдау – заманауи оқыту әдістерін енгізуге көмек көрсету, тренингтер мен кеңес беру ұйымдастыру.
- Ерекше білім қажеттіліктері бар балаларға арналған бағдарламаларды бейімдеу – инклюзивті оқытуға материалдар әзірлеу және түзету.
- Мемлекеттік органдар мен серіктестермен өзара әрекеттесу – оқу үрдісінің заңнама талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету, қажетті құжаттарды дайындау.
Менің мақсатым – мұғалімдер мен оқушыларға ыңғайлы білім беру ортада өз потенциалдарын ашуға көмектесетін тиімді әдістемелік жүйе құру.

Жұмысыңызда не ұнайды?
Маған ең көп шабыт беретін нәрсе – балаларға деген махаббат пен олардың оқуын қызықты, қолжетімді және тиімді ету мүмкіндігі. Әдіскердің жұмысы – үнемі алға жылжу, жаңа тәсілдерді іздеу, шығармашылық және жетілдіру. Ол жетістікте тоқтап қалуға жол бермейді, әртүрлі қиындықтарға шешім табуға, оқытудың инновациялық әдістерін және бейімделуді іздеуге итермелейді.
Мен әр күннің жаңа даму мүмкіндіктерін ашатын ортада жұмыс істеуді жақсы көремін – бұл балаларға да, мұғалімдерге де қатысты.
Жас мамандар үшін жұмыста қандай негізгі қиындықтар бар?
Бастапқы әдіскердің басты қиындықтары – тәжірибе жетіспеушілігі және әдістемелік дайындықтың аздығы. Білім беру стандарттарын және нормативтік талаптарды білу ғана емес, оларды практикада дұрыс қолдана білу маңызды.
Бастапқы кезеңде үлкен көлемдегі ақпаратты жүйелеу, әдістемелік жұмысты тиімді жоспарлау және мұғалімдерге сенімді кеңес беру қиын болуы мүмкін. Сондай-ақ, жаңадан келгендер оқу үрдісі талдау, ерекше қажеттіліні бар балаларға арналған материалдарды бейімдеу және білім беру үрдісінің әртүрлі қатысушыларымен өзара әрекеттесу дағдыларын жылдам меңгеруі керек.
Алайда, бұл барлық қиындықтар оқыту, үздіксіз өзін-өзі дамыту және тәжірибелі әріптестердің қолдауы арқасында жеңілдеді. Ең бастысы – жаңа нәрселерге ашық болу, сұраудан қорықпау және кәсіби дағдыларды жетілдіруге ұмтылу.
Mozaika-да жұмыс істеуді жас мамандарға ұсынасыз ба?
Ұсынар едім. Жақсы педагог – бұл бір тұлғада мұғалім, кеңесші, психолог және актер болуы керек – және біз осыны үйретеміз!